Құрметті курс қатысушысы, әр сабақты мұқият қарауыңызды сұраймыз. Сізге бұл сабақты көруге 4 апта доступ бар. Уақыт өткен соң, ашылмайды. Үй тапсырмасы видеоның астында 6 сабақтың үй тапсырмасы Сабақты мұқият қараңыз, қажет жерлерін дәптеріңізге түртіп алыңыз. Сабақ көрмей тұрып, кураторларды сұрақтармен мазаламаңыз және сабақ тақырыбынан тыс сұрақтарды әзір қоймай қоя тұрыңыз. Нишаңыз бен НА (ЦА) ескере отырып, 30 секундтан кем емес видео дайындаңыз. Сабақта айтқан дүниелерді ескеріңіз, ұмытпаңыз. Кадрлар жиі ауыссын, монтажды әдемілеп жасаңыз. Өзіңіз түссеңіз де болады, тауарыңызды түсірсеңіз де болады. Видеоны отчет сатына саласыз. Фотоөңдеуге арналған бірнеше қосымшаға нұсқаулық береміз. Бұл курс бағдарламасына кірмеген, алайда, сіздер интенсивке келген емес, жаңа бастаушы секілді "қалай жасайды, қалай өңдейді" деген сұрақты жиі қойып жатқандықтан нұсқаулық беру керек деп шештік. Тапсырма чатына видеолар жібереміз. Ашып қарап, пайдаланып көріңіздер. Видеонұсқаулықтағы приложениелерді пайдалана отырып, өткен сабақта түскен бір фотоны өңдеңіз. Дейін және Кейін деген екі нұсқасын коллаж қылып біріктіріп, отчет чатына салыңыз. Коллаж қыласыз, жеке-жеке жібермеңіз.